<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
 Алысамын түкке тұрмас жансың деген ойлармен
 Лайықсыз деп ішкі дауыс үн қатады сыбырмен
 Сансыз күдік торлап менің тұмшалайды санамды
 Арашалап алшы мені жойшы жаман ойларды

[C1]
   Сүйемін дейсің егер торықсам
   Сенім арт дейсің егер қорықсам
   Көтерем дейсің кенет сүрінсем
   Біргемін дейсің жалғыз сезінсем
   Сенемін, сенемін,
   Сөзіңе сенемін

[V2]
 Қымбатпын мен көз алдыңда алтыннанда бағалы
 Тек өзіңмен жылынады жүрек тыным табады

[C2]
   Сүйемін дейсің егер қорықсам
   Сенім арт дейсің егер қорықсам
   Көтерем дейсің кенет сүрінсем
   Біргемін дейсің жалғыз сезінсем
   Сенемін сенемін
   Сөзіңе сенемін

[B1]
   Ақтарып мен бар сырымды
   Жығыламын алдыңда
   Жеңісім де жеңілісім тек өзіңнің қолыңда</lyrics>
<title>Сен айттың</title>
</song>